ТҮРКІСТАН: Кентауда бетон зауыты іске қосылды

0
1 374

Түрлі маркадағы дайын бетонды шығаратын зауыт қазіргі таңда м150-м450 дейінгі бетондарды жасап шығарауда.


ТҮРКІСТАН: Кентауда бетон зауыты іске қосылды

Кентауда 3 метр кубатан сағатына 120 бетон бұйымдарын шығаруға қауқарлы бетон зауыты іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентшілер қаласын Кентауда бұрыннан өндіріс дамыған. Мұндай көптеген кәсіпорындар қызмет атқарып, өнімдері Мәскеуге дейін тасымалданатын. Тек ел Кеңес үкіметі ыдыраған тұста орын алған қиындықтардан басым бөлігі жабылып қалған еді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қаладағы өндіріске қайта жанданып жатыр.

Түркістан облысы, Кентау қаласында орналасқан "Фахри Строй Бетон" ЖШС-нің бетон зауыты іске қосылып, бүгінде өз жұмыс жасап келеді. Түрлі маркадағы дайын бетонды шығаратын зауыт қазіргі таңда м150-м450 дейінгі бетондарды жасап шығарауда. Зауыт 3 метр кубатан сағатына 120 бетон өңдеуге қауқарлы. Аталған зауытта 30 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде. Бетон зауыты 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон насос көліктерімен қамытылған. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Зауыт басшылығынаның айтуынша болашақта зауытты үлғайтып, көлемін көбейтуді мақсат етеді.