ТҮРКІСТАН: Кентауда екі тұрғынүйдің құрылысы басталды

0
443

Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.


ТҮРКІСТАН: Кентауда екі тұрғынүйдің құрылысы басталды

Түркістан облысындағы баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.


Тұрғын үйлер 3 қабатты 30 пәтерлі. Жалпы пәтер көлемі 858,0 шаршы метрді құрайды. Екі тұрғын үй кешенінде 30 пәтерден болады. Оның ішінде, 2 бөлмелі 12 пәтер және 3 бөлмелі 13 пәтер бар.


Қазіргі таңда қазандықты қазу жұмыстары басталды. Тұрғын үйлерді 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үйлер стандарттарға сай бой көтеріп, аулалары балалар ойын алаңшасымен және көлік тұрағымен қамтылады.