ТҮРКІСТАН: Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану жолдары сараланды

0
411

Осы мәселеде негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен.


ТҮРКІСТАН: Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану жолдары сараланды

Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану туралы жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы экономикалық тергеп тексеру департаменті, қала прокуратурасы, қалалық полиция бөлімінің, банк өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.


Жиынды қала әкімі Жандос Тасов жүргізіп, қоғамда белең алып бара жатқан интернет алаяқтарынан сақтану бойынша қажетті мағлұматтарды атап өтті.


«Мемлекет басшысы өз Жолдауында лудомания, қаржылық пирамида және интернет алаяқтық, одан бөлек халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өзекті мәселе көтерген болатын. Шын мәнінде соңғы жылдары халық арасында интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Соңғы уақыттарда қаламызда алданып қалған тұрғындардың көбеймесе азаймай тұрғаны алаңдатуда. Бүгінгі шараныңда маңыздылығы тұрғындарды толықтай ақпараттандыру, алаяқтарға алданбай, сақ жүруге шақыру» деді қала әкімі.


Кездесуде тәртіп сақшылары интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, сонымен қатар осы қылмыстың құрбаны болмау үшін жасалатын қадамдар туралы айтып берді. Олар әлеуметтік желілерде, онлайн дүкендерде және басқа да интернет алаңдарында жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге баспау, сондай-ақ интернет арқылы қаржы транзакцияларын жүзеге асырған кезде сақ болу қажеттігіне тоқталды.


Осы мәселеде негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен әр салада қызмет жасайтын мамандар.

Бөлісу