ТҮРКІСТАН: Кентауда мәдениет үйі салынады

0
346

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.


ТҮРКІСТАН: Кентауда мәдениет үйі салынады

Кентау қаласында 300 орындық мәдениет үйі салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа 300 орындық мәдениет үйі бой көтермек. Жаңа ғимарттың құрылысы осы жылы басталмақ. Аталған құрылыс «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.


Екі қабаттан тұратын ғимарат бой көтергенде ауыл тұрғындарының түрлі мәдени шараларын өткізуге қызмет жасамақ. Мұнда көрермен залынан бөлек, хореография залы, үйірме кабинеттері, асхана болады.


Айта кетейік, 15 мыңнан аса тұрғыны бар Қарнақтың бұрынғы мәдениет үй жарамсыз күйде. Қарнақ ауыл тұрғындары біраз жылдан бері мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындарымен кездесуінде бұл мәселе тағы көтерілген болатын. Енді көптен күткен қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары дән риза.