​ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА САЙЛАУ КҮНІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
96

Мұндай бастамалар сайлау күні тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырып қана қоймай, жергілікті өндірушілердің өнімдерін кеңінен танытуға және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге де ықпал етеді.


​ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА САЙЛАУ КҮНІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ERNUR.KZ. Бүгін 29 қараша – мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Кентау қаласындағы №39 сайлау учаскесінің аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – қала тұрғындарын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну. Шара барысында тұрғындар күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.


Мұндай бастамалар сайлау күні тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырып қана қоймай, жергілікті өндірушілердің өнімдерін кеңінен танытуға және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша барлығы 35 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қалада дауыс беру құқығына ие 57 568 азамат тіркелген.