Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңінен насихаттап жүрген Геннадий Стаматов Отырар ауданындағы №491 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өнер арқылы ұлттық музыканың құндылығын дәріптеп жүрген азамат саяси науқанның өңір болашағы үшін маңыздылығына тоқталды.
«Түркістан облыстық мәслихаты – халықтың талап-тілегі мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланатын маңызды алаң. Депутаттар елдің дамуына қатысты шешімдер қабылдауға атсалысады. Сондықтан әрбір азамат сайлауға қатысып, өзінің азаматтық таңдауын жасауы қажет. Барша отандастарымды белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамын», – деді Геннадий Стаматов.
Айта кетейік, Отырар ауданында 40 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауданда жалпы саны 28 773 дауыс беруші бар.


