ТҮРКІСТАН: Кентауда Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті

0
496

Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті

Кентау қаласында саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қаза елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиын ұлтын ұлықтаған ұлының ескерткішінде еске алу шарасынан басталып, Алаш арысының рухына тағзым етілді. Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Сұлтанбек Қожанов және ұлттық мемлекет құру идеясы: тарихы мен бүгінгі тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбектанушы Хазретәлі Тұрсұн жүргізіп отырды.


Ғылыми конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, докторанттар мен жалпы білім беру мекемелерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.


Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Сұлтанбектанушы,профессор Хазретәлі Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қабланова, философия (Phd) ғылымдарының докторы Саян Шылмамбетов, оқытушы Алғабек Қабыл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ докторанты Жамелов Бағлан баяндама жасап, ұлт жанашырының өмірі, тарихы жайында пікірлер айтылды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.


Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда бірқатар елазаматтарына қала әкімі Жандос Тасов «С.Қожановқа 130 жыл» төсбелгісімен марапаттады.


Жиынның жалғасы тұғыры биік тұлғаның 130 жылдық мерейтойына арналған дастарханға ұласты. Дастархан басында Алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары, елағаларыда С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті.