Шаңырағы шайқалған отбасылар саны азайған.
Түркістан облысында демографиялық өсім жоғары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлемде 105 орында тұр. Ал, еліміз бойынша Түркістан облысында демографиялық өсім жоғары.
Түркістан облысы, Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы 3479 бала дүниеге келіп, туу куәлігін алған. 2021 жылы бұл көрсеткіш артып, 3726 бала дүниеге келген.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қортындысымен есептегенде Кентауда отбасын құрып, неке туралы құжатын алғандар саны 863 болса, некесін бұзып ажырасқан отбасылар саны – 117. Ал 2021 жылы некелескен отбасылар көрсеткіші 802 болса, шаңырағы шайқалған отбасылар саны азайған. 86 отбасы некесін бұзған.
Айта кетсек, Кентауда көпбалалы және әлеуметтік аз қамтыған отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар уақытылы беріліп жатыр. Ана мен баланың денсаулығын қорғау жұмыстары да назарға алынған.