Газ тапшылығын алдын алу бойынша келіссөздер жүргізіліп, бір қатар келісімдер жасалды.
Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кентау қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен жиналыста мамандар «Қызыл аскер» АГТС де газды толтыру жұмыстары жүріп жатқандығы баяндалды. Қазіргі таңда, ИнтерГаз мамандары тарапынан, газ қысымын реттегіш бекеттері мен жоғарғы қысымды газ жәшіктерінгазға қосу мақсатында тексеру және тазалау жұмысы жасалуда. Сондай-ақ, қала аумағында газ құбырларын қайта қысыммен тексеру бойынша қаланы табиғи газбен қамту 1-этап нысаны аяқталды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Түркістан Өндірістік Филлиалының»басшысының бірінші орынбасары Е.Балабековтің қатысуымен өткенжиналыс барысында, қала аумағында 2022-2023жж жылу маусымында жұмыс жасайтын модульдік қазандықтарын орнату, газ жеткізу, газды қала аумағына бөлу және жылу маусымында газ тапшылығын алдын алу бойынша келіссөздер жүргізіліп, бір қатар келісімдер жасалды.
Айта кетейік,«Кентау газ шаруашылығы» өз жұмысын бастап, өтінімдер қабылдауда.Мұнда тұрғын үй және кәсіпкерлік нысандарды газ қосубойынша толық ақпараттарын және техникалық құжаттарға қатысты кеңестерберіледі.