ТҮРКІСТАН: «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры мәресіне жетті

0
55

Концерттік бағдарламаларда ұлттық әндер, эстрадалық шығармалар және хореографиялық қойылымдар сахналанып, өнер сүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.


ТҮРКІСТАН: «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры мәресіне жетті

«Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған мәдени жоба аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртіс-солистері мен «Бірлік» би ансамблінің өнерпаздары Түркістан облысының бірнеше өңірінде өнер көрсетіп, көрерменге мазмұнды концерттік бағдарламаларын ұсынды. Атап айтсақ, 21 мамыр – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында, 22 мамырда Арыс қаласында, ал 23 мамыр Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында өткен мәдени кештер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменнің зор ықыласына ие болды. Концерттік бағдарламаларда ұлттық әндер, эстрадалық шығармалар және хореографиялық қойылымдар сахналанып, өнер сүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Гастрольдік турдың қорытынды концерті Ордабасы ауданының Темірлан ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Кеш барысында «Бірлік» би ансамблінің әртістері мен «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жоба ауыл тұрғындарының кәсіби сахна өнерін тамашалауына мүмкіндік беріп, ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталды. Концерт барысында өнерпаздардың жоғары кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениеті көрермен тарапынан зор бағасын алды.

Бөлісу