Мақсат – электр энергиясының қолжетімділігін арттыру және өңір тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету.
1 қыркүйектен бастап Шымкент пен Түркістан облысында халық үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары үшін электр энергиясының тарифтері 10% төмендетілді.
Бұл шешім ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесінде қабылданды. Мақсат – электр энергиясының қолжетімділігін арттыру және өңір тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету.
Жаңартылған тарифтер келесідей:
Орташа босату тарифі – 24,0464 теңге/кВтсағ (бұрын – 25,3120 теңге/кВтсағ);
Электр плиталарын пайдаланушылар үшін – 22,9488 теңге/кВтсағ (бұрын – 24,1584 теңге/кВтсағ);
Электр плиталарын пайдаланбайтындар үшін – 21,8848 теңге/кВтсағ (бұрын – 23,0384 теңге/кВтсағ);
Екінші деңгей – 28,8512 теңге/кВтсағ (бұрын – 30,3744 теңге/кВтсағ);
Үшінші деңгей – 36,0752 теңге/кВтсағ (бұрын – 37,9680 теңге/кВтсағ).
«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы тарифтік саясатта ашықтықты сақтай отырып, әлеуметтік бағытты ұстанады. Сонымен қатар, халықты сенімді энергиямен қамту мен өңірлік электр желілері инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріп келеді.