Сонымен қатар қолжетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Түркістан облысында тұрақтандыру қоры арқылы көкөніс өнімдерін қолжетімді бағамен шығару жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақпан айының басынан бастап тұрақтандыру қорынан көкөністерді брондау басталды. Көкөніс қоры 40 сауда нүктесінде (Дастархан, Береке, Бәйтерек және т.б. супермаркеттер) және қаланың 3 базарында (Қуаныш, Экобазар, Алтын бұлақ) бөлшек сауда арқылы, сондай-ақ ірі көтерме саудагерлер арқылы сатылады. Сондай-ақ апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі.
Өңірлердегі тұрақтандыру қорынан көкөніс өнімдерін қолжетімді бағамен шығару ақпанда басталды. Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырма берді. Сонымен қатар қолжетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Осылайша, 1 ақпаннан бастап 580 тонна картоп, 140 тонна қырыққабат, 200 тонна пияз, 300 тонна сәбіз сатылды. Нәтижесінде соңғы аптада баға индексі 100% (ҚР-да 3 орын), жыл басынан бері 99,7% (ҚР-да 1 орын) құрады.
Соңғы аптада бағаның төмендеуі байқалды. Қырыққабат, пияз және сәбіз бағалары төмендеді. Сауда үстемесінің асып кетуіне, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыста азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі Комиссия жұмыс істейді.
Жыл басынан бері комиссияның 12 отырысы өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін нарықтың 20 субъектісіне қатысты бағалардың өсуіне және бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға байланысты шаралар айқындалды және қабылданды. Нәтижесінде бағалар тұрақтандырылды.
Облыста заманауи форматтағы 30 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді, қосымша 20 дүкен іске қосылады. Әлеуметтік дүкендерде ӘМАТ тауарлары нарықтан 15-25% төмен сатылады. Сонымен қатар бағаны негізсіз көтеру және сауда үстемелерін арттыру мақсатында облыстың барлық негізгі супермаркеттерімен меморандумдар жасалды. Супермаркеттердің міндеттемелерді орындауы тұрақты мониторингтік бақылауда.
ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жағдай облыс әкімдігінің бақылауында.