ТҮРКІСТАН: Көлігіңіз лас болса, айыппұл төлейсіз

0
2 524

Көліктердің доңғалақтары мен корпусы балшықтан тазартылған болуы керек.


ТҮРКІСТАН: Көлігіңіз лас болса, айыппұл төлейсіз

Түркістан қаласында лас көліктерді бақылау қатаң іске асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістанда сырты ластанған автокөліктердің қозғалысы қатаң бақылануда. Көліктің ластығынан мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін оқи алмайтындай жағдайда болса, көлік иелеріне айыппұл салынады. Әсіресе құрылыс алаңдарынан шығатын жүк көліктері мен автобетон араластыратын машиналарға полицейлер қырағылық танытуда. Көліктердің доңғалақтары мен корпусы балшықтан тазартылған болуы керек.

Құрылыс нысандары көлік жуатын жабдықтармен қамтылып, үлкен жүк көліктері нысаннан шығарда таза шайылуы шарт. Түркістан қалалық Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан құрылыс алаңдарындағы мердігерлер мен жүк көліктерінің жүргізушілеріне ескерту жұмыстары жүргізілуде. Тәртіпке бағынбаған көлік иелеріне бірінші рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда, айыппұл салынады.

Жыл басынан бері заң талаптарын сақтамаған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің – 630 бабы бойынша 511 әкімшілік хаттама толтырылды. Қаладағы автокөлік жолдарын ластағаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері шамамен 3 мың теңге көлемінде. Жағдай қайталанса, 15 мың теңгеге дейін айыппұл салу жүктеледі.