ТҮРКІСТАН: Колледждерде талапкерлерден құжат қабылдау басталды

0
317

25 маусым мен 1 шілде аралығында колледжге қағаз түрінде құжаттар тапсыра алады.


ТҮРКІСТАН: Колледждерде талапкерлерден құжат қабылдау басталды

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты колледждерде оқуға құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2024-2025 жылға оқуға құжаттар қабылдау басталды.


Талапкерлердің өтінімдері 25 маусым – 25 тамыз аралығында колледждердің қабылдау комиссияларында және «SmartNation College» платформасы мен «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Алдымен өтініштерді 25 маусым мен 1 шілде аралығында колледжге қағаз түрінде құжаттар тапсыра алады. Ал 1 шілдеден 25 тамызға дейін веб-портал арқылы жүзеге асырылатын болады.


Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Орта балы бірдей талапкерлердің арасында бюджеттік орындарға конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген бейінді пәннің бағасы есебімен жүргізіледі.


Алайда педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан, медицина мамандықтары – психометриялық тест, өнер мамандықтарына түсетіндер шығармашылық емтиханды қосымша тапсырып, нәтижелері жалпы конкурста ескеріледі.


Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына 15 мыңға жуық орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.