Жанындағы азаматқа қарай сермеген.
Түркістандық тәртіп сақшылары бұзақыны құрықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Полиция қызметкерлері 01.05.2021 жылы сағат 17:00 шамасында Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз ер азаматтың қолына пышақ ұстап, келесі бір азаматқа қарай сермеп жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтайды. Аталған жайтты Түркістан ҚПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеп, жедел уәкілдер қажетті іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ер азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.