Білім гранттарын беру – 15 тамызға дейін жүргізіледі.
Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферт арқылы көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған 1345 білім гранты бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 496 - педагогикалық, 40 - жалпы медицина, 30 - педиатрия, 30 - дінтану және теология, 25 - тарих және археология, 30 - биология және сабақтастық ғылымдар, 25 - математика және статистика, 43 - ақпараттық технологиялар, 20 - коммуникациялар және коомуникациялық технологиялар, 36 - электр техникасы және автоматтандыру, 110 - өсімдік шаруашылығы, 40 - мал шаруашылығы, 40 - орман шаруашылығы, 10 - қоршаған орта, 40 - балық шаруашылығы, 18 - жерге орналастыру (агроинженерия), 40 - су ресурстары және суды пайдалану, 50 - азық-түлік өнімдерінің өндірісі, 50 - ветеренария, 70 - туризм, 25 - сәулет, 40 - қала құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс, 12- сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны, 25 - қаржы, экономика мамандықтары.