Іс-шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Түркістан қаласы аумағында тұрғынүйлердің қасбеті жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласы аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту және инфрақұрылымды жүйелі дамыту бағытында нысандардың қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Жаңа қала аумағындағы тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, іргелес аумақтар тазартылды. Көктемгі маусымдық жұмыстар барысында 9 және 11 көшелерде орналасқан 10-нан астам көпқабатты тұрғын үйде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар барысында фасадтарды жаңарту, кіреберістер мен қоршауларды жөндеу, сондай-ақ аумақты абаттандыру іс-шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.


