ТҮРКІСТАН: Көпқабатты үйлер аумағында "Халықтық жоба" жасалады

0
635

Рашид Аюпов тұрғындардың өтініші назарға алынатынын айтты.


ТҮРКІСТАН: Көпқабатты үйлер аумағында

Түркістан қаласының әкімі кезекке тұрған тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рашид Абатұлы алдын ала кезекке жазылған тұрғындарды қабылдау кезінде Т. Бокин көшесі тұрғындарының өтінішін назарға алып, жеке барып көретінін айтқан болатын. Аумақ тұрғындарының басты мәселесі - газ, кәріз жүйесі, жылыту жүйесі, спорттық алаңдар мен қоқыс жәшіктері және демалыс орны болатын.

Қала әкімі жиылған тұрғындар өтінішін тыңдай, "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан қолайсыздықтарды ретке келтіру үшін жобаларды жасаған мердігер мекемелер қолға алатынын айтты. Қыс мезгілінде үйді қатты отын түрімен жылытатын тұрғындардың басты сауалдарының бірі - жылыту жүйесін көгілдір отынға ауыстырып, жұмысты оңтайландыру болатын. Рашид Абатұлы көпқабатты үйлерді газ түріндегі жылу станциясымен қамту жоспарланғанын айтып, биыл бір үйде тәжірибе ретінде салынатыны қарастырылғанын айтып өтті. Сонымен қатар, аумақтағы бос орында тұрғындардың қалауымен және ұсынған жобасымен семинар өтіп, Халықтық жоба жасалмақ. Ал, тазалық жұмыстарының кестеге сай жүргізілуі үшін жауапты бөлімге ескерту берілді.

Одан өзге, шаhар басшысы Ғ.Мүсірепов көшесінде орналасқан Халықтық кеңсеге барып, ғимараттың жұмыс барысын көрді. Мемлекеттік қызметке жүгінушілердің саны артуына орай ғимаратты кеңейту ұсынысы айтылды.