ТҮРКІСТАН: Қорғаныс департаментіне жаңа бастық тағайындалды

0
369

Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған.


ТҮРКІСТАН: Қорғаныс департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Турабай Талғат Сайлауұлы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.


Турабай Талғат Сайлауұлы 1977 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданында дүниеге келген.


Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Кәсіби дайындық барысында 2007 жылы «Қорғау» жұмылдыру курстарынан өткен.


Қарулы күштердегі қызметін Талғат Сайлауұлы 2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және шақыру бөлімінің бастығы лауазымынан бастады. Қызмет еткен жылдары ол қорғаныс қызметін тиімді басқаруға және үйлестіруге мүмкіндік беретін әртүрлі басшылық лауазымдарды орындап, айтарлықтай тәжірибе жинады.


Талғат Сайлауұлы жаңа лауазымға тағайндалғанға дейін Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған.

Бөлісу