ТҮРКІСТАН: Көрме орталығын салу мәселесі талқыланды

0
284

Жерді алып, жұмысты созбалаңға салатындарға тиісті шара көрілетінін, жер қайтарылатынын ескертті.


ТҮРКІСТАН: Көрме орталығын салу мәселесі талқыланды

Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте мамандар мен инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында бой көтеретін әрбір құрылыс нысаны мен ғимараттардың сәулеттік жобасын тұрақты түрде арнайы кеңес отырысында талқылау дәстүрге айналған. Бұл жолы да бірнеше ғимараттың сәулеті сараланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте мамандар мен инвесторлардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.


Инвесторлардың бірі Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынды балабақша салуға ниетті. Жобасы, сыртқы сәулеті де әзірленген. Өңір басшысы егер нысанды уақтылы салуға кепілдік берілсе, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ал жерді алып, жұмысты созбалаңға салатындарға тиісті шара көрілетінін, жер қайтарылатынын ескертті.


Сәулеттік кеңесте медициналық орталық, көлік орталығы, галерея, емхана, көрме орталығы жобалары да талқылауға ұсынылды. Сонымен бірге Түркістандағы атшабарды халықаралық талапқа сай ету мәселесі де сөз болды. Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы ғимараттардың сыртқы сәулеті де сараланып, тиісті тапсырмалар берілді.