ТҮРКІСТАН: Коронавирусқа қарсы күрес күшейтіледі

0
516

Коронавирус індетінің таралуы жиілеп кетті.


ТҮРКІСТАН: Коронавирусқа қарсы күрес күшейтіледі

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы күрес күшейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы кездері Түркістан облысында коронавирус індетінің таралуы жиілеп, өңір «сары» аймаққа өтті. Бұл өзекті мәселе Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.


«Коронавирустың таралуы бойынша жағдай қиындап бара жатыр. Сондықтан нақты шараларды қолға алу керек. Әкімдер, тиісті басқарма басшылары жұмысты қайтадан күшейтуі тиіс. Екі жыл бойы атқарылған жұмыстарға сараптама жасап, оң әсерін тигізетін іс-шараларды қайта қолға алған жөн», – деді облыс әкімі.