ТҮРКІСТАН: Қоршау жасайтын келестік кәсіпкердің өнімдеріне сұраныс мол

0
1 007

Мемлекеттік бағдарлама аясында төмен пайызбен несие алған.


ТҮРКІСТАН: Қоршау жасайтын келестік кәсіпкердің өнімдеріне сұраныс мол

Дәнекерленген торлы қоршау жасайтын келестік кәсіпкердің өнімдеріне сұраныс көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Осы ретте өткен жылдың қорытындысымен Келес ауданында тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны 10 453-ке жетіп, оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 10 307-ні құрады. Кәсібінен нәсіп тапқандардың қатарында Ошақты ауылдық округіндегі кәсіпкер Бекмұрат Қарабеков те бар.


«Бұл кәсіпті бастауыма тікелей көршілерім сеп болды. Алғашқыда олар қоршау жасап беруімді сұранып келген еді. Кейіннен ізденіп, кәсіп ретінде қолдана бастадық. Бастапқыда қатты сымтемірлерді трактор арқылы түзулеп, қол күшін жұмсасақ, бүгінде мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алып, жаңа технологияларды енгіздік. Сұраныс көп», - деген Бекмұрат Рахманбердіұлы алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.


Кәсіпкердің сөзінше, торлы қоршаудың бағасы да құрылыс дүкендеріне қарағанда төмен екен. Қазіргі таңда қоршаудың метрі 500-700 теңге аралығында. Күніне 700-800 метр істеп шығаратын аппаратын мемлекеттік бағдарлама аясында төмен пайызбен несие алып, 5 млн теңгеге сатып алған. Кәсіпкер алдағы уақытта қазіргі қолданыстағы құрылғысының санын арттырып, кәсібін кеңтейтуді жоспарлауда.