«Түркістан» қорына түскен қаржы 1 млрд. теңгеден асты

0
1 318

«Түркістан»корпоративтік әлеуметтік даму қоры Арыстағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға көмектесетін болады.


«Түркістан» қорына түскен қаржы 1 млрд. теңгеден асты

Арыстағы азаматтарға жәрдем көрсету мақсатында құрылған «Түркістан»корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 млрд. теңге жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылған болатын. Осы қорға жұртшылық республикамыздың түкпір-түкпірінен қаржы аударып, үлес қосып жатыр. Бүгінгі, яғни, 28 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 1 млрд. теңгеден асты. Бұл қаржы арыстықтардың мұқтаждығына жұмсалады.