Бұл қадамдар бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Түркістан облысында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өңір тұрғындарымен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өңір тұрғындарымен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Диалогтың негізгі тақырыбы – салық жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыруға бағытталған шаралар болды.
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, камералдық бақылауды ескерту форматына көшіру, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдету. Бұл қадамдар бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр «Жібек жолы» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қайта құру барысымен танысты. Инфрақұрылымды жаңғырту мемлекеттік бақылаудан өту тәртібін жақсартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету және реконструкцияны белгіленген мерзімде сапалы аяқтау тапсырылды.