ТҮРКІСТАН: ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия мониторинг жұмысын бастады

0
58

Орталықтардың жұмысын цифрлық платформаға ауыстыру бойынша FSM Social мобильді қосымша іске қосылған.


ТҮРКІСТАН: ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия мониторинг жұмысын бастады

ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия мониторинг жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия бастамасымен Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы топ екі күндік сапар аясында Түркістан, Кентау қалалары мен Сайрам, Сауран, Төлеби аудандарындағы Отбасын қолдау орталығы мен Жастар денсаулық орталықтарына мониторинг жүргізетін болады.


Осыған орай, бүгін комиссия мүшесі Баян Жандосова мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Тимур Мұратов облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен кездесті.


Кездесу барысында өңірдегі «Отбасын қолдау орталықтарының» қызметі, некені сақтау және отбасылық жанжалдарды шешу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті жерлерде құрылған мобильді топтар арқылы кешенді көмек көрсету, цифрландыру үдерісі, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мен гендерлік саясат бағытындағы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыстар талқыланды.


Айта кетсек, Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететін 17 орталық жұмыс істейді. Орталықтардың жұмысын цифрлық платформаға ауыстыру бойынша FSM Social мобильді қосымша іске қосылған.


Аталған қосымша өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) қолдау көрсету процестерін автоматтандыруға бағытталған. Жүйе арқылы мобильдік топ мүшелері өмірлік қиын жағдайдағы адамдар жөнінде сигналды тікелей Орталыққа жолдайды.


Сонымен қатар, интеграцияланған модельді іске асыру мақсатында Отбасын қолдау орталықтары жанынан аудан, қала әкімдерінің өкімдерімен 1 жылдық мерзімге құрылған мобильдік топтар құрылған. Жалпы облыс бойынша құрылған мобильдік топтардың құрамына 4 997 адам енгізілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарынан (613), ішкі істер органдарынан (674), білім (2 743), денсаулық сақтау саласынан (967) адам. Олардың 4693-ші немесе 94% семинарда оқытылып, біліктілігі арттырылып, жүйеге тіркелді.

Бөлісу