ТҮРКІСТАН: Қырғыз Республикасымен іскерлік байланыс нығаяды

0
282

Бауырлас елмен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Қырғыз Республикасымен іскерлік байланыс нығаяды

Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қырғыз Республикасының Бас консулымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Азимов Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесті. Басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, мұнда инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуеті мол екенін айтты.


Өз кезегінде бас консул Назарали Арипов бауырлас елмен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.


Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық, іскерлік байланыстарды жандандыруға уағдаласты.