ТҮРКІСТАН: Қыз-келіншектерге “Нәтиже” жобасы таныстырылды

0
773

Бұл жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады.


ТҮРКІСТАН: Қыз-келіншектерге “Нәтиже” жобасы таныстырылды

Түркістанда “Нәтиже” жобасын таныстыру шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасын таныстыру шарасы өтті.


Аталған жобаның мақсаты - осал топтағы әйелдерді нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу. Сондай-ақ бұл жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда әйелдер алғашқы бөлімде смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу жұмыстарын меңгереді.


"Нәтиже" жобасының жетекшілері "Дара" медиа холдинг басшысы, Рухабза Халдарбек бастаған, бизнес тренерлер тобының мүшелері Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева және Сымбат Жүзенқызы сынды өңірге белгілі мамандар. Жоба жетекшілерінің айтуынша, "Нәтиже" бағдарламасы әйелдердің жеке кәсіп бастап кетуіне, отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге қол жеткізуіне таптырмас мүмкіндік дейді.