Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан білім нысандарының 2-еуі биыл пайдалануға берілсе, 5-еуі келесі жылға өтпелі нысан болып табылады.
Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында 7 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда, 300 орындық К.Үкібаев пен Қ.Қайсенов атындағы мектептер, 200 орындық С.Датұлы, Мақтажан, Қ.Абдалиев, Қ.Аманжолов, Т.Бигелдинов атындағы мектептер жаңадан салынып, оқушылары көп күтпей заманауи ғимаратта білім нәрімен сусындайтын болады.
Бұл білім нысандарының 2-еуі биылдан қалмай пайдалануға берілсе, 5-еуі келесі жылға өтпелі. Конкурстық құны 937 098,2 мың теңгені құрайтын Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылындағы 300 оқушығы арналған К.Үкібаев атындағы мектеп пен конкурстық құны 921 622,1 мың теңгені құрайтын А.Қалыбеков ауылдық округі, Атамұра елді мекеніндегі Қ.Қайсенов атындағы 300 орындық мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.
Бұдан бөлек, ауданымызда көптеген әлеуметтік нысандарды құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Мәселен, биыл 3 мектептің, 1 спорт кешенінің, Мырзакент кенті әкімі аппараты ғимаратының, 2 мәдениет үйі мен 1 кітапхананың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.
Айта кетейік, бұған дейін Мақтаарал ауданын құрылыс нысандарының ордасына айналдыру үшін 40 шақты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген болатын. Оның ішінде аудан орталығы Мырзакент кентіндегі орталық стадионды қайта құру, Мақтарал ауылдық округі Азаттық елді мекенінде ипподром салу жобалары да бар.