ТҮРКІСТАН: Мақтааралда белсенді сайлаушыларға сый-сияпат жасалуда

0
1 967

Бірінші болып дауыс берген сайлаушыға, сайлау учаскесіндегі ең қарт сайлаушыға және дауыс беру құқына ие болып, алғаш рет дауыс беріп отырған тұлғаларға сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілуде.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда белсенді сайлаушыларға сый-сияпат жасалуда

ҚР Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мақтаарал ауданының жастары сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс бергендер мен белсенді сайлаушыларға сый-сияпат жасауда деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Республикадағы барлық сайлау учаскелері секілді Мақтаарал ауданындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өздерінің жұмысын бастады. Әрбір сайлау учаскелерінде заң талаптары мен республикалық орталық сайлау коммиссиясы бекіткен ережеге сай сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, бұл күнде дауыс беру құқына ие 71 840 мақтааралдық 57 сайлау учаскелерінде өз таңдауларын жасай алады. Сайлаудың әділ өтуін Президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдерімен қатар Өзбекстан елінен келген 3 Халықаралық бақылаушылар бақылап отыр.

Сонымен қатар, барлық сайлау учаскелерінде Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен бірінші болып дауыс берген сайлаушыға, сайлау учаскесіндегі ең қарт сайлаушыға және дауыс беру құқына ие болып, алғаш рет дауыс беріп отырған тұлғаларға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілуде. Бұл сайлауда аудандағы 14-29 жас аралығындағы 32 935 жастың 2738-і алғаш рет дауыс беру құқына ие болғандар.
Мақтаарал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Ниязбековтың мәліметінше осы сағатқа дейін ешқандай заң бұзушылық орын алмаған.