ТҮРКІСТАН: Мақтааралда өндірістік парк салынып жатыр

0
180

Құрылыс жұмыстарын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда өндірістік парк салынып жатыр

Мақтааралда өндірістік парктің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданында индустриялық әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында өндірістік парктың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.


Жоба аясында жалпы аумағы 2 гектар жер телімі бөлініп, өндірістік мақсаттағы 5 ангардың құрылысы қолға алынған. Құрылыс жұмыстарын «Нүрі-Л-Жетісай»ЖШС-і жүргізуде.


Өткен аптаның соңында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков нысанға арнайы барып, құрылыс барысымен толық танысты. Жұмыс сапасы мен қарқынын бақылауға алды. Оның айтуынша, барлық құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.


Қазіргі таңда өндірістік парктегі 5 ангардың 2-еуінде жабын жұмыстарын жүргізу кезеңі басталған. Жобаны 2026 жылдың 1 мамырына дейін толық аяқтау жоспарланған. Белгіленген мерзімде өндірістік парктің инженерлік инфрақұрылымы мен барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі күтілуде.


Өндірістік парктің аумағында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «EL KZ-2020» ЖШС-ның су мұнараларына арналған құбырлар өндіру зауыты, «BSS Express» ЖШС-ның термопанельдер, кафель және бетон бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, «Нұрғазы» ЖК-ның көкөніс пен ет өнімдерін сақтауға арналған заманауи тоңазытқыш кешені, «Жайлимшиева Сәуле» ЖК-ның мұзқант (набат) өндіру цехы және «Данияр» ЖК-ның полиэтилен қапшықтарын өндіретін цехтары іске асатын болады.


Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиісті меморандумдар түзілген.

Бөлісу