Мақтааралдық халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісінде 7 мәселе қаралып, тиісті мамандардың атқарылған жұмыстары баяндалды.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мақтаарал аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова төрағалық еткен жиынға аудандық ҚДС басқармасы, аудандық орталық аурухананың мамандары, аудандық дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 7 мәселе қаралып, тиісті мамандар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Атап айтқанда, тұмау және ЖРВИ, қызылша, менингококкты инфекциалық аурулар бойынша эпидемиологиялық маусымда алдын-алу және төмендету іс-шараларын ұйымдастыру, сібір жарасы ауруының алдын-алу бағытында қалыптасып отырған жағдай туралы, аудан аумағында орналасқан ауызсу мекемелерінің санитариялық-техникалық жағдайы туралы, сондай-ақ құтыру, бруцеллезауруының алдын-алу бағытында қалыптасып отырған жағдай туралы, ботулизм ауруын және паразитарлық (эхинококкоз) ауруының алдын алу бағытында шаралар туралы мәселелер мәжілісте қаралды.
Жиын соңында Алтын Күнтуқызы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, аудан тұрғындарының денсаулығына кесірі тиетін кез келген аурудың алдын алып отыру керектігін атап өтті.