ТҮРКІСТАН: Мал азығын сатып алу үшін төмен пайызбен несие беріледі

0
533

Жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайды.


ТҮРКІСТАН: Мал азығын сатып алу үшін төмен пайызбен несие беріледі

Түркістан облысында шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында қажеттілік болған жағдайда мал азығын сатып алу үшін шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі. Бұл жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов баяндады.


Биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысы Сарыағаш, Келес аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізгені белгілі. Мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Берілетін несиенің шарттары бойынша жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайтынын және кәсіпкерлік сертификат талап етілмейтінін жеткізді. Өңірде 4,2 млн тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалған.


«Мал азығымен қамтамасыз ету – аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Сондықтан оған тікелей жауап бересіздер. Барлық шаруашылықтарды зерделеп, сараптама жасау керек. Егер ауданда шешілмейтін, облыстық деңгейдегі мәселе болса, бізге шығыңыздар. Көмектесейік. Қаржы ұйымдарымен келісіп отырмыз, қажет болса, төмен бағамен несие берейік. Ұлттық парк аумақтарына мал жаюға рұқсат алып бердік. Тағы да қолдау керек болса, ол жағын да қарастырамыз. Жергілікті аумақтарда ауыл шаруашылығы саласын дамыту, бақылау аудан, қала әкімдерінің міндеті. Жұмысты ширатыңыздар", - деген өңір басшысы тиісті басқарма мен аудан, қала әкімдеріне мал азығы тапшылығын жою, осы саладағы мәселелерді реттеу жөнінде тапсырма берді.