ТҮРКІСТАН: Мәслихат сессиясында маңызды 10 мәселе қаралды

0
434

Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.


ТҮРКІСТАН: Мәслихат сессиясында маңызды 10 мәселе қаралды

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2024 жылғы 26 маусымда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.


Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Д.Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.


Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды.


Сессияда бірқатар басқармалардың 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.


Атап айтқанда, Түркістан облысы бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру және табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы, облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы, Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы есептері тыңдалды.


Депутаттар бұл мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, әр мәселеге қатысты ұсыныстарын енгізді.

Мәселен, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына:

- медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары бойынша бөлінген қаражаттардың тиімді және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуді;

- медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына:

- Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту бойынша 2024 жылға арналған индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу жоспар тапсырмасының нәтижелілігін қамтамасыз етуді ұсынды.

Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына:

- Түркістан облысы көлемінде жалақы қарызын өндіру бойынша жұмысты күшейтуді;

- құрылыс саласында жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында, құрылыс саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі бойынша құқықтық түсіндірмелер жүргізуді;

- жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында жасалған ұжымдық шарттардың мониторингін күшейтуді;

- өндірістік жарақаттанудың санын азайту мақсатында жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасында еңбек заңнамасы бойынша түсіндірмелер жүргізуді күшейтуді ұсынды.


Сонымен қатар, Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен және электр энергиямен қамтамасыз ету туралы мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы есеп берді.


Одан бөлек, депутаттар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады.


Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.


Өз кезегінде сессияны қортындылаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде бірлесе атқаратын жұмыстар көп екенін жеткізді.


“Облыс әкімдігі мәслихатпен бірігіп, өңірді дамыту жолында жұмыс атқаруда. Сіздерге осы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бірақ әлі де атқарылатын жұмыс көп. Біз өңірге инвесторлар тарту бағытында жұмыс атқарып жатырмыз. Сонымен бірге Түркістанда Оңтүстік Кореяның оқу орнының филиалын ашу туралы келісімге қол жеткіздік. Біз жаңа оқу орнын ашып, сапалы білім беріп, жастарды даярлауымыз керек. Жұмыс орындарын көбейткен жөн. Жуырда Татарстанға барып ІТ, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көріп келдік. Облысқа жаңа жобалар, жүйелі жұмыстар, ізденістер қажет. Алдағы уақытта да баршамыз бірігіп, аймақты дамыту жолындағы жұмысты жалғастырамыз”, – деді облыс әкімі.

Бөлісу