ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік сатып алу заңына қатысты семинар-конференция өтті

0
75

Семинарға облыстық басқарамалар мен аудан, қала әкімдігінен барлығы 165 қызметкер қатысты.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік сатып алу заңына қатысты семинар-конференция өтті

Түркістанда мемлекеттік сатып алу заңын түсіндіруге арналған семинар-конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында тапсырыс берушілерге Мемлекеттік сатып алу Заңын түсіндіруге арналған семинар-конференция өтті.


Семинарға облыстық басқарамалар мен аудан, қала әкімдігінен барлығы 165 қызметкер қатысты.


Жиында Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының орынбасары, Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-нің басшылық құрамы дәріс берді.


Семинар барысында Заңға енгізілген өзгерістер мен мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері талқыланып және кездесу барысында кейсті және ситуациялық тапсырмалар шешілді.


Сонымен қатар семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат берілді.


Жауаптылардың айтуынша, мұндай семинар-конференция алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Бөлісу