ТҮРКІСТАН: «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздері тазартылды

0
68

Тұрғындар, жастар мен ардагерлер белсенді қатысты.


ТҮРКІСТАН: «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздері тазартылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бұл игі шараға аудан тұрғындары, жастар мен ардагерлер белсенді қатысты.


Наурызнаманың Тазару күні аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында «Зертас» және «Көксәйек» ауыл округтеріндегі су көздері тазартылып, бұлақтардың арналары ашылып, айналасы қоқыстан тазартылып, бұлақтар абаттандырылды.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Су-метрология» филиалы мен Төлеби ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған шараға «Су-метрология» филиалының директордың м.а. Нұрсұлтан Бекботаев бастаған мекеме қызметкерлері қатысып, су көздерін тазарту, бұлақтардың көзін ашу, айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындар мен еріктілер белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.


«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты аялау, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Бөлісу