Бүлдіршіндер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен "Адамзаттың алыбы - ақын Абай"атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткен шара Түркістан қаласындағы "Балауса" лагерінде ұйымдастырылды.
Бүлдіршіндер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.
Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Дереккөз: "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі