ТҮРКІСТАН: Мырзакент "гүлді кентке" айналады

0
3 078

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте 1000 дана георгина, 1500 дана гарцания, 1500 дана сальвия, 500 дана анютка және 500 дана раушан сияқты гүлдің бірнеше түрлері егіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Мырзакент

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кенті жаппай гүл егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кешеден бері «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны гүл егу жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, бірнеше кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында мұндай көгалдандыру жұмыстарын жасап жатыр.

Қазіргі таңда С.Жаштаев көшесінің бойы мен кенттің орталық алаңында гүл егілуде. Ол үшін 1000 дана георгина, 1500 дана гарцания, 1500 дана сальвия, 500 дана анютка және 500 дана раушан сияқты гүлдің бірнеше түрлері Сарыағаш ауданынан әкелінген.
Мұндай жұмыстар С.Қожанов көшесінде де жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, Атакент кентінде де гүл егу жұмыстары жоспарлануда. «Мырзакент қызмет» МКК гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен де шұғылданады. Дегенмен, кент тұрғындары да өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жасаса – аудан орталығы ерекше құлпыратынын МКК директоры атап өтті.
«Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл - кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» - деді «Мырзакент қызмет»,- МКК-ның директоры Тимур Адамбек.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі