ТҮРКІСТАН: Нәрестеге бауыр кистасын алу отасы жасалды

0
174

УДЗ тексеру нәтижесінде іш қуысының көп мөлшерде сұйықтықтың жиналу белгілері анықталған.


ТҮРКІСТАН: Нәрестеге бауыр кистасын алу отасы жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа туған нәресте «Абай» Келес аудандық ауруханасынан жедел түрде облыстық балалар ауруханасының жаңа туған нәрестелер реанимация бөліміне ауыстырылды. Ауру симптомдары: нәресте туғаннан бірінші сағаттарда ішкі ағзада қан кету белгілерінің болуы, қан анализінде гемоглобиннің түсу белгілері, тері жамылғысының бозғылт болуы, әлсіздік. УДЗ тексеру нәтижесінде іш қуысының көп мөлшерде сұйықтықтың жиналу белгілері анықталған.


Нәрестеге жедел операция алдын дайындық жүргізіліп, ота жасалынды. Операция барысында іш қуысында көп мөлшерде қан сұйықтығының болуы және негізгі себебі баурдың оң жақ бөлігінде туа пайда болған кистасы бар екені анықталды. Операция жедел қан кетуді тоқтату мен кистаның энуклеациясымен аяқталды. Операциялар кейінгі кезең асқынусыз өтіп, нәресте 14 тәулікте толығымен жазылып анасымен үйіне шығарылды.


Бауырдың туа біткен паразитарлық емес кистасы ауруы жаңа туған нәрестелерде өте сирек кездеседі. Педиатриялық тәжірибеде бұл құрсақ қуысының раритетті кездейсоқ ісігі болып табылады. Көп жағдайда бұл ахау симптомдарсыз өтеді.


Жаңа туған нәрестелерде, кейде бұл ахау белгілері өмірінің бірінші сағаттарында симптомдары белгілі болып, жедел хирургиялық араласуды қажет етеді. Хирургиялық араласудың негізгі мақсаты – "бауыр кистасының энуклеациясы", яғни, ағзадан жедел қан кетуді тоқтату және ісіктің қайта өсуін (рецидив кисты) тоқтату.

Бөлісу