ТҮРКІСТАН: Науқас коронавирусқа сенбейтіндерге видеоүндеу жолдады

0
797

Науқас бетпердені шешіп, далада алаңсыз қыдырып жүрген түркістандықтарға арнап мәлімдеме жасады.


ТҮРКІСТАН: Науқас коронавирусқа сенбейтіндерге видеоүндеу жолдады

фото кадрдан скрин

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел ауруға сенбейтіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Науқас әйелдің видеоүндеуін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Коронавирус дертіне шалдыққан Түркістан облысының тұрғыны сіздерге сәлем жолдап, бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырады. 4 күн бойы дәрігерлер ауыр жағдайда жатқан әйел адамның өміріне араша түсіп, тек бесінші күн дегенде оның жағдайы жақсарған. Ал бүгін науқас бетпердені шешіп, далада алаңсыз қыдырып жүрген түркістандықтарға арнап мәлімдеме жасады. Оның баласы да COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, оның жағдайы ауыр. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы вирустың жойылғаны емес. Сол себепті абай болайық достар! " - деп жазады облыс әкімінің орынбасары.

Видеода қауіпті індетті жұқтырған Түркістан облысының тұрғыны коронавирусқа сенбей жүрген жандарды бұл дертке немқұрайды қарамауға шақырған. 4 күн бойы дәрігерлер ауыр жағдайда болған науқас енді ғана бетінің бері қарағанын айтқан. Сондай-ақ аруды баласына да жұқтырғанын айтып өткен.

Айта кетейік, Түркістан облысында, соңғы мәлімет бойынша 249 адам коронавирус жұқтырған.Жазылып шыққандар саны- 157. Ал жалпы Қазақстан бойынша жұқтырғандардың саны 7234 адамға жетті.