ТҮРКІСТАН: Науқастың қуығынан 80 тас алынды

0
100

Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен, айқын оң нәтиже болмаған.


ТҮРКІСТАН: Науқастың қуығынан 80 тас алынды

Түркістандық науқасқа жасалған ота барысында қуықтан 80 тас алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 1965 жылы туған науқас бірнеше уақыт бойы кіші дәретке бару кезінде ашыту, ауырсыну, жайсыздық сезімдеріне шағымданып келген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен, айқын оң нәтиже болмаған.


Түркістан қалалық орталық ауруханасында жүргізілген кешенді диагностикалық зерттеулер нәтижесінде қуық қуысында көп мөлшердегі тастар анықталған.


Дәрігерлер шешімімен науқасқа тері арқылы “цистолитотрипсия” отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни тері тілігі аз (1 см), оңалту кезеңі мен стационарлық емнің қысқалығымен ерекшеленеді. Ота барысында қуықтан 80 тас алынып, хирургиялық ота сәтті өтті.


Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Науқасқа 3 тәулікте урологиялық катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң нәтижемен үйіне шығарылды. Бұл жағдай заманауи диагностиканың, тәжірибелі мамандардың және дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің тиімділігін дәлелдейді”, делінген денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесінде.

Бөлісу