ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы бала тәрбиесі мәселелерін қолға алады

0
1 583

Бала біздің болашағымыз.


ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы бала тәрбиесі мәселелерін қолға алады

Бала тәрбиесі де «Nur Otan» партиясының басты назарында.

«Nur Otan» партиясынан Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Абдикаримова, У.Омарова және З.Исабаева ауданның кәсіпкерлік орталығының мәжіліс залында кәсібін бала тәрбиесіне бағыттап жүрген әйел азаматтар, яғни жекеменшік балабақша меңгерушілері және құрылтайшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сөз кезегін алған Ж.Абдикаримова:

- Ата-ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» - деп бабымыз айтқандай баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» - деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады. Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш – жігер қажет, - деп өз ойын жеткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының кәсіпкерлік сала мен бала тәрбиесіне қатысты бөлігін жете түсіндірді. Атап айтқанда, ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшаларда білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу үшін балабақшаларда қосымша топтар ашуға мүмкіндік жасайтыны айтылды.


Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы:

- мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

- балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 60%-ға дейін арттыруға;

- «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартатын болады.


"Кәсіпкер аналар, келешегіміз – балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деген ол дегенді айтып, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ата-аналармен бірге қолға алу керек екенін ұғындырған. Осы орайда бала тәрбиесін қолға алып отырған педагогтар қауымы «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

Иә, бала тәрбиесі де партияның басты назарында. «Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің ісі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді