ТҮРКІСТАН: "Nur Otan" партиясының мүшесі 1 миллион 400 мың теңгенің аппаратын сыйға тартты

0
971

Тыныс алу аппараттрының құны 700 мың теңге.


ТҮРКІСТАН:

Nur Otan партиясының мүшесі Жетісайдағы ауруханаға 1 миллион 400 мың теңгенің аппаратын сыйға тартты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясының мүшесі, белгілі Жетісайлық кәсіпкер, «Таймас» компаниясының өкілі Тимур Қырықбаев Жетісай ауданы орталық ауруханасына әрқайсысының құны 700 мың теңге тұратын, 1 миллион 400 мың теңгенің 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.

«Елімізде болып жатқан қазіргі жағдай уақытша сынақ. Осы сынақтан өту үшін азғантай ғана қазақ бір шаңырақтың астына жиналып жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Біз біріксек үлкен күшпіз. Алдағы уақытта да қолымнан келгенше елдің қайғысын сейілтіп көңілін көтеру жолында қызмет ететін боламын. Еліміздегі әрбір қалталы азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырамын»,- дейді Тимур Қырықбаев.

Жалпы Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 700 науқас пневманиядан емделіп шыққан. Қазір 250 науқас ем алуда.

«Тимур сияқты жомарт азаматтардың арқасында ауруханамыз 7 жасанды тыныс алу аппаратымен толығып отыр. Біздер үшін әрбір азаматтың өмірі қымбат. Сол азаматтарды аман алып қалуға бұл аппараттың көмегі орасан зор. Өз атымнан жақсылық жасап жатқан жомарт жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін», - дейді Жетісай ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жолдасбеков.

Ал «Nur Otan» париясы Жетісай ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов:

«Карантин басталғалы партия тарапынан көптеген қайырымдылықтар жасалып келеді. Екі жүздей жанұяға тегін азық-түліктер таратылып берілсе, кешегі судан зардап шеккен Мақтаарал ауданында 20 үй партия тарапынан салынып жатыр. Елдің жағдайын жақсарту мақсатында алдағы уақытта да бұндай іс-шараларды көптеп ұйымдастыратын боламыз",- деп елдегі әрбір жағдай партияның назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.