ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі шекарадағы құрылыс жұмыстарымен танысты

0
254

Нысан қазір күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі шекарадағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстанның Өзбекстанмен арадағы жүк тасымалы алдағы жылы 3 есе артады деген болжам бар. Екі ел шекарасындағы «Қапланбек» кеден бекеті келер жылы қайта ашылады. Нысан қазір күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жөндеу жұмыстарымен танысты.


Түркістан облысы аумағындағы «Қапланбек» өткізу бекеті негізінен тауар тасымалына арналған. Ондағы жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған еді. Құрылыс Өзбекстан тарапында да жүріп жатыр. Құрылысы аяқталған соң бұл жермен тауар тасымалы 3 есе артуы тиіс. Ал жаяу жүргіншілердің дені «Жібек жолы» бекетіне бағыт алады.


Одан бөлек «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдеріндегі қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ал «Жібек-Жолы» бекетін реконструкциялау 2025 жылға жоспарланған.


Қазақ - өзбек шекарасындағы ірі өткізу бекеттерін жөндеу туралы шешім екі ел Президенттерінің тапсырмасымен қабылданды. Осыған сай арнайы жұмыс тобы құрылған. Реконструкциялау жобаларын қос тарап бірлесе атқарып жатыр. Негізінен жеке тұлғалар жүретін «Жібек-Жолы» пунктінен былтыр 9 миллиондай жолаушы өткен. Жөндеу жұмыстарынан кейін бұл бекеттердің өткізу қабілеті едәуір ұлғаяды.

Бөлісу