ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары «Turkistan» телеарнасының жұмысымен танысты

0
229

Медиа орталықтағы әр қабатта редакторлар кабинеті, 4 бейнемонтаж, жеке дыбыс жазу және радио студиясы орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары «Turkistan» телеарнасының жұмысымен танысты

Түркістан облысы әкімінің орынбасары «Turkistan» телеарнасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ертай Алтаев «Alatau» медиа орталығына барып, жұмысымен танысты. 300 адамға арналған, 4 қабатты заманауи орталықта «Turkistan» телеарнасының ұжымы, Ақпараттық талдау орталығы, Өңірлік коммуникация қызметінің мамандары, республикалық БАҚ-тың тілшілер қосыны («Хабар», «24kz», «Қазақстан» ҰТА телеарналары), «Turkistan» телеарнасы мен жергілікті үш газет редакциясының тілшілері жұмыс істейді.


Медиа орталықтағы әр қабатта редакторлар кабинеті, 4 бейнемонтаж, жеке дыбыс жазу және радио студиясы орналасқан.


БАҚ өкілдері жұмыс істеуі үшін ғимарат ішінде журналистер үшін кабинеттер, телестудия, монтаж кабинеттері, дыбыс жазу студиясы, конференция залы, және асхана бар.


Облыс әкімінің орынбасары «TURKISTAN» телеарнасының тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы жоспарларын тыңдады.


«Біздің мақсатымыз – телеарнаны жаңа деңгейге көтеру, рухани-мәдени бағытта жаңа жобалар әзірлеу керек. Жақсы бастамаларды қолдауға дайынбыз. Техникалық-материалдық база өте мықты. Заманауи техниканың күші, креативті мамандардың біліктілігімен бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз деп сенемін!», – деді Ертай Кенжебекұлы.


Айта кетейік, «TURKISTAN» телеарнасы 2021 жылы 22 наурызда өз жұмысын бастады. Тәулігіне хабар тарату уақыты – 18 сағат. Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнаның өзіндік өнімнің эфирдегі үлесі – 85%, сыртқы өнім үлесі – 15%. 100-ден аса қызметкері бар телеарна 2022 жылы «Үздік аймақтық телеарна» номинациясы бойынша «Тұмар» сыйлығының жеңімпазы атанған.