ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өтті

0
67

Адалдық, жауапкершілік, тұлғалық және рухани даму туралы терең ойларымен бөлісті.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өтті

Түркістан облысында мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандар үшін мотивациялық дәріс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандар үшін мотивациялық дәріс өтті.

Қайта даярлау курсының аясында өткен Guest Talk қонағы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев.


Ертай Кенжебекұлы жастарға өзінің кәсіби жолы мен қызметтегі айнымас қағидалары, отбасы құндылықтары туралы ашық әңгіме өрбітіп, адалдық, жауапкершілік, тұлғалық және рухани даму туралы терең ойларымен бөлісті.

Мемлекеттік қызметті жай ғана жұмыс емес, үлкен миссия деп түсіну, жаңашылдық пен дәстүрдің үйлесімін табу, халықпен дұрыс коммуникация орнату, қызметте шынайылықты сақтау, көшбасшылық қабілетті жетілдіру, дұрыс шешім қабылдай алу дәрістің негізгі өзегі болды.

Бөлісу