Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 сектор, жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады.
«Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындармен тіл табысып жұмыс істеу қажет.Тездетіп жұмыс қарқынын үдетпесеңіздер үлгермейсіздер», – деді облыс басшысы.
Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315. Зақымданған үйлер саны – 7157 болса, ақау АКТ-сі жасалған жеке үйлер саны – 7350. Қазіргі таңда 4945 үйде жөндеу жұмыстары жүруде. 2048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. 17 секторда жиыны 7649 маман жұмыс істеуде.