Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында маңызды мәселелер қаралды

0
89

Сессияның күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды.


Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2026 жылғы 19 ақпан күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.


Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды.


Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы әкімдері қалаға және ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жер қатынастары басқармасы және Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.


Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, өңірді басқару схемасына толықтыру енгізу туралы мәселелер қаралды.


Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Бөлісу