ТҮРКІСТАН: Облыстық прокуратурада салтанатты іс-шара өтті

0
1 090

Мерекелік жиында жаңадан тағайындалған қызметкерлер ант қабылдады.


ТҮРКІСТАН: Облыстық прокуратурада салтанатты іс-шара өтті

Түркістан облысының прокуратурасында прокуратура ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Түркістан облысының прокуратурасында прокуратура ардагерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев барлық қызметкерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Мерекелік жиында жаңадан тағайындалған қызметкерлер ант қабылдады. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған шағын футболдан, үстел теннисінен және басқа да жарыстан жеңген жеңімпаздарды марапаттады. Салтанатты шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.


Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке! Конституциялық реформа аясында қазіргі таңда прокуратура органдарының мәртебесі нығайып, осы арқылы оның мемлекеттік құрылымдағы орны мен маңызы айқындалды. Енгізіліген жаңалықтар қадағалаушы органның құқық қорғау әлеуетін жетілдіруге және қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталды.