Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

0
883

Мамандықтары – құқықтану, құқықтану магистрі.


Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне Садырханов Жеңіс тағайындалды.


Садырханов Жеңіс Жауғаштыұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ Гуманитарлық-заң университетін, 2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Мамандықтары – құқықтану, құқықтану магистрі.


Еңбек жолын 2002-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық сотында бастаған. 2005-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінде, 2009-2010 жылдары ҚР Бас Прокуратурасында жұмыс істеген. 2010-2013 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ, 2013-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі АҚ, 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, 2019-2021 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.


Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.