Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы азаматтарды қабылдады

0
64

Қабылдауға тиісті салалық басқарма басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, мәселелерді шешуге атсалысты.


Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы азаматтарды қабылдады

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға тиісті салалық басқарма басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, мәселелерді шешуге атсалысты.


Қабылдау барысында азаматтар түрлі мәселелерді қозғады. Мәселен, Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінің тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан кенттегі орталық кәріздік тазалау имаратының істен шығуы, егістік жерлерді жайылымдық жер санатына ауыстыру мәселелері айтылды. Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтар заңсыз әрекеттерге жол берген азаматтардың жауапкершілігін қарап, тиісті шара қабылдауды сұрады. Одан бөлек, тазалық жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар айтылып, бала санының артуына байланысты 900 орындық мектеп салу туралы өтініштерін жеткізді.


Еркебұлан Дауылбаев барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтты. Жауапты басқармаларға әр өтініш бойынша заң аясында жан-жақты зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныстар мен шешу жолдарын әзірлеуді тапсырды. Экологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі заңды жұмсалуы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы мәселелер облыс басшылығының тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.


Айта кетейік, жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу